Ninety One — Umytpa (Айыптама 2015)
-
Umytpa (Айыптама 2015) Ninety One03:40
Текст песни: Umytpa (Айыптама 2015)
Mátin (Latyn) | Мәтін (Латын) | Lyrics (Latin) [Qaıyrma: ACE] Seniń jylýyńdy sezdim Alysta júrseń de Umytpa meni [Shýmaq 1: ALEM] Qınalyp júrmin, aıta almaı Qalaısha júrsiń baıqamaı? Yntyzar júrek meniń keýdemde Jaraly bolyp qalǵandaı [Rap 1: A.Z.] Terezemdegi perdeler jylý ótkizbeıdi jáne álemge jabyq Qarańǵy, sýyq bólmede seniń sýretiń maǵan beredi jaryq (Aa) Bul oqıǵanyń basy bar, men aıaǵyn bilemin Álim ketti, biraq, áli kelemin tek súırelip qoldaǵy taıaǵymmen Aıǵa qaraımyn da, kózimdi jumamyn Denemdi bosatyp ózimnen shyǵamyn Tózýge shydam jetpeıdi múldem Eles bop janyńa baramyn jyldam Qasyńa kep, sezimdi aıtqym keledi, biraq shyqpaıdy únim Jylýdy sez, oıatqym kelmeıdi, tátti ótsin dep qaıyrly túniń [Aldyńǵy Qaıyrma: ALEM] Aı, aı, aıly túnde Aı, aı, aıly túnde [Qaıyrma] Seniń jylýyńdy sezdim Alysta júrseń de Umytpa meni (umytpa meni) [Shýmaq 2: BALA] Jalǵyz qalǵandaı ózimmen Sharshadym ábden tózýden Shamdarǵa toly aspanda Juldyzym meniń sóngendeı [Rap 2: ZaQ] Iá, ýaqyt ótpeli zat bilemin Jınalady aradaǵy ókpe, yza Men kelemin bárin elemeı, tek dereý saǵan joldy taýyp Aldaǵy taýlardy tóńkerip sap, qara! Átteń, sýydyń, joq sezim múlde sende, endi túnekke laqtyr tek! Men - aq kútemin seniń jylýyńdy, bilemin endi bola almaıdy dym burynǵydaı Iá, biraqta men [Qaıyrma] Seniń jylýyńdy sezdim Alysta júrseń de Umytpa meni (umytpa meni) Mátin (Kırıl) | Мәтін (Кирил) | Lyrics (Cyrillic) [Қайырма: ACE] Сенің жылуыңды сездім Алыста жүрсең де Ұмытпа мені [Шумақ 1: ALEM] Қиналып жүрмін, айта алмай Қалайша жүрсің байқамай? Ынтызар жүрек менің кеудемде Жаралы болып қалғандай [Рэп 1: A.Z.] Тереземдегі перделер жылу өткізбейді және әлемге жабық Қараңғы, суық бөлмеде сенің суретің маған береді жарық (Аа) Бұл оқиғаның басы бар, мен аяғын білемін Әлім кетті, бірақ, әлі келемін тек сүйреліп қолдағы таяғыммен Айға қараймын да, көзімді жұмамын Денемді босатып өзімнен шығамын Төзуге шыдам жетпейді мүлдем Елес боп жаныңа барамын жылдам Қасыңа кеп, сезімді айтқым келеді, бірақ шықпайды үнім Жылуды сез, оятқым келмейді, тәтті өтсін деп қайырлы түнің [Алдыңғы Қайырма: ALEM] Ай, ай, айлы түнде Ай, ай, айлы түнде [Қайырма] Сенің жылуыңды сездім Алыста жүрсең де Ұмытпа мені (ұмытпа мені) [Шумақ 2: BALA] Жалғыз қалғандай өзіммен Шаршадым әбден төзуден Шамдарға толы аспанда Жұлдызым менің сөнгендей [Рэп 2: ZaQ] Иә, уақыт өтпелі зат білемін Жиналады арадағы өкпе, ыза Мен келемін бәрін елемей, тек дереу саған жолды тауып Алдағы тауларды төңкеріп сап, қара! Әттең, суыдың, жоқ сезім мүлде сенде, енді түнекке лақтыр тек! Мен - ақ күтемін сенің жылуыңды, білемін енді бола алмайды дым бұрынғыдай Иә, бірақта мен [Қайырма] Сенің жылуыңды сездім Алыста жүрсең де Ұмытпа мені (ұмытпа мені)
Треки исполнителя
-
03:56
-
03:58
-
03:43
-
03:25
-
05:14
-
02:37
-
03:09
-
03:57
-
02:57
-
02:56